RU

Екі жасар бүлдіршін тауда бес күн бойы жалғыз өзі өмір сүрген (фото)

Никарагуаның солтүстігінде жоғалып кеткен екі жастағы бала таудан табылды. Ол тамақсыз, сусыз бес күн бойы өмір сүрген деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Энтони Йохендри Монтенегро Эррера. Фото: Facebook желісіндегі CEN парақшасы
Энтони Йохендри Монтенегро Эррера. Фото: Facebook желісіндегі CEN: Facebook

Энтони Йохендри Монтенегро Эррераны көршісі Марвин Гомес үйінен 300 метр қашықтықта тауып алып, баланы ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлердің айтуынша, екі жастағы бөбектің терісі тітіркенгенімен, денсаулығына зиян келмеген. 

Ақ халаттылар Энтони Йохендридің бес күн бойы аш жатып, қалай аман қалғанын түсіндіре алмады.

Әкесі Лазаро Монтенегроның болжамы бойынша, баланы біреулер ұрлап кетіп, біршама уақыттан кейін еркіне жібере салған.

Қазіргі уақытта екі жастағы бала дәрігерлердің бақылауында.

Тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп, оқиғаның анық-қанығын анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1783514-eki-zasar-bldirsin-tauda-bes-kn-bojy-zalgyz-zi-mir-srgen-foto.html