RU
Алматыда автобус жүргізушісі 16 жастағы қызды қағып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда автобус жүргізушісі 16 жастағы қызды қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Алматыда бүгін, 14 наурыз күні қоғамдық көлік жүргізушісі 16 жастағы қызды қағып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: "Алматыэлектротранс" ЖШС

Көрнекі фото: "Алматыэлектротранс" ЖШС

"Алматыэлектротранс" мекемесінің айтуынша, оқыс оқиға сағат 12.30 шамасында болған.

№70 бағыттағы автобустың жүргізушісі Розыбакиев көшесімен көтерліп келе жатып, Абай даңғылының қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Автобус жүргізушісінің айтуынша, қыз бала бағдаршамның қызыл түсіне өтпекші болыпты. Алайда ол тоқтап үлгере алмағанын жеткізген.

Ал ауыр жағдайда жедел жәрдем алып кеткен зардап шегуші жабық ми жарақатын алған.

"Бел омыртқаның 5-6 қатардағы сүйектері және иық сүйегі сынды. Миы шайқалған. Жағдайы орташа ауыр деңгейде", - дейді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілі Набира Есенова.
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
4
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel