Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағұсова қарттарға кооперативтер салуды ұсынды

Опубликовано:

Парламент мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова бюджетке түзетулер топтамасын талқылау барысында қартайғанда балаларға кедергі жасамау үшін ата-аналарға кооперативтік үй салуды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: qazaquni.kz
Фото: qazaquni.kz: Twitter

Бұл мәселені мәжіліс депутаты Кеңес Әбсаттаров көтерді.

"Сіз АӘК (атаулы әлеуметтік көмек - ред.) есептеу кезінде отбасының жиынтық табысынан жәрдемақының үш түрін алып тастауды ұсынып отырсыз. Ал төрт және одан көп баласы бар жанұямен бірге тұратын қарттардың зейнетақысы отбасының жиынтық табысына ене ме? Егер ол есептелетін болса, неге өмір бойы балаларын арқалаған қарттар немерелерін да арқалауы керек? Зейнетақы жиынтық табысқа қосыла ма?", - деді ол.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова бұл кірістердің жиынтқы табысқа енетінін айтты.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаруашылық табысы есептеледі. Егер жақын туыстары жанұямен бірге өмір сүретін болса, барлығының кірісі есептелетін болады. Ал Неке және отбасы кодексіне сәйкес жақын туыстардың қатарына атасы, әжесі, аға-інілері мен әпке-сіңлілері, сондай-ақ, ерлі-зайыптылар мен олардың балалары жатады", - деп түсіндірді ол.

Әбсаттаровтың айтуынша, заңнаманың бұл жағдайы балалардың қарт ата-анасын үйінен шығарып жіберуіне әкеліп соғуы мүмкін.

Алайда, Қарағұсова бұл пікірмен келіскен жоқ.

"Неге қуып шығады? Бізге балалардың өмір сүруіне кедергі келтірмес үшін қартайғанда баратын үйлер соғу қажет", - деді ол.

Әбсаттаровтың бұл үйлер қарттар үйі бола ма деген сұрағына Қарағұсова теріс жауап берді.

"Жоқ, Бұл қарттар үйі емес. Сіздікі дұрыс емес. Бұл біздің жеке кооперативтер. Міне, бірнеше жылдан соң біз Татьяна Михайловнамен (Савельева- Қаржы вице-министрі-ред), Татьяна Ивановнамен (Яковлева- мәжіліс депутаты-ред) бірге соғып, балаларға кедергі келтірмес үшін өз табысымызға күн көріп, сол жаққа тұруға кетеміз", - деді мәжіліс депутаты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1783529-karagsova-karttarga-kooperativter-saludy-syndy/

pixel