RU
ІІМ ҚАЖК төрғасының орынбасары қызметінен қуылды

ІІМ ҚАЖК төрғасының орынбасары қызметінен қуылды

Рассказать Вконтакте

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бекболат Төремұратов қызметінен қуылды. Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: atpress.kz

Фото: atpress.kz

Ведомствоның мәлімдеуінше, 6 наурызда Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының ведомствоаралық жедел тергеу тобы облыстық полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірге Қазақстанның ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бірінші орынбасары Бекболат Төремұратовты ұстаған.

"Аталған факті бойынша министрлікте қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесі ІІМ тәртіптік комиссиясының отырысында қаралған.

"Ішкі істер министрінің бұйырығымен Төремұратов қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны, құқық қорғау органдарына кір келтіретін әрекет жасағаны үшін ішкі істер органдарынан босатылды", - деді ІІМ баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel