RU
Ақтөбеде туысының баласын зорлаған ер азамат 15 жылға сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде туысының баласын зорлаған ер азамат 15 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында көлікте туысының баласын зорлады леп айыпталған ер адамға үкім шықты. Судья айыпталуышыны 15 жылға бас бостандығынан айырыды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

фото: NUR.KZ

фото: NUR.KZ

Оқиға өткен жылдың тамыз айында болған.

Төрт баланың әкесі 50 жастағы ер азамат "Toyota Land Cruiser" көлігінде туысының жасөспірім баласына қинап, зорлық көрсеткен.

Айыпталушының бұрын істі болмағаны анықталды.

"ҚР ҚК-нің 121-бабы 4 бөлігімен айыпты деп танылған  сотталушы 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Қылмыс көліктің ішінде жасалғандықтан көлікті мемлекет пайдасына тәркілеуге үкім етті", - деді судья Алтынбек Сабыр.

Күдікті 2018 жылдың тамыз айынан бері қамауда отырған.

Айыпталушының әйелі апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

Сотталушы ісін жабу үшін тергеу кезінде құзырлы мекеме өкілдеріне 1 миллион теңге сомасында пара ұсынған.

Сот төрағасы бұл жағдайдың прокуратураға бір тәулік ішінде хабарланбағанын айтты.

Осыған байланысты тергеу кезінде жіберілген кемшіліктерге орай сот жеке қаулы шығармақ..

Сіздің реакцияңыз
4
0
8
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel