RU
Түркістан облысында жол апатынан үш бала мен көлік жүргізушісі көз жұмды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Түркістан облысында жол апатынан үш бала мен көлік жүргізушісі көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Шымкент-Самара тас жолында жантүршігерлік көлік апаты болып, үш бала мен жеңіл көлік жүргізушісі қайтыс болды деп хабарлайды ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қайғылы жағдай бүгін, 14 наурызда Шымкент-Самара тас жолының 115 шақырымында орын алды.

Жолда Hyundai Starex пен Daewoo Nexia соқтығысқан.

Апат болған жерге келген жедел жәрдем қызметкерлері екі ересек адам мен екі баланы алып кеткен.

Балалар ауруханаға барар жолда қайтыс болса, Daewoo Nexia жүргізушісі медициналық мекемеде көз жұмған.

Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің бастығы аттанды.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel