RU
Дариға Назарбаева ресейлік қонақтарға көрісу күнін түсіндіріп берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Дариға Назарбаева ресейлік қонақтарға көрісу күнін түсіндіріп берді

Рассказать Вконтакте

Сенат депутаты, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Ресей Федерация кеңесінің қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен халықаралық істер комитетінің төрағаларымен кездесу барысында қонақтарға бүгінгі мерекені түсіндіріп берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дариға Назарбаева, фото: NUR.KZ

Дариға Назарбаева, фото: NUR.KZ

Екі жақты кездесу барысында Ресейдің қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Виктор Бондарев Дариға Назарбаеваны өткен 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

Ол құттықтау үшін бүгінгі күннің де тамаша екендігін алға тартты.

"Тарихтан білетінімдей, бүгін Қазақстанда жаңа жыл басталады", - деді Бондарев.

Дариға Назарбаева өз кезегінде Ресейден келген әріптестеріне бүгінгі мерекені түсіндіріп өтті.

"Бүгін Көрісу күні, бұл біздің дәстүрлі мерекеміз, ертеден тойланады. Біздің ата-бабаларымыз көшпелі өмір салтын ұстанғанын білесіздер. Сол кезде қытымыр қыста бір-бірін көре алмаған. Күн жылынып, қар ери бастаған кезде, қыстан аман-есен шыққанын тойлап, бір-бірімен құшақтасып көріскен", - деді сенатор.

Бондарев те өздерінің қыстан аман-есен шыққанын, міндетті түрде құшақтасып көрісетінін айтып, күлді.

"Осы екі күн бойы құшақтасамыз. Сіз де, біз де қыстан аман-есен шықтық. Бізде биыл 45 градусқа дейін аяз болды", - деп әзілдеді Назарбаева.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
3
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel