RU
Әбдіқалықова: Қоғамда еркектер қорқақ болып кеткен бе?
Жаңалықтар Қоғам

Әбдіқалықова: Қоғамда еркектер қорқақ болып кеткен бе?

Рассказать Вконтакте

Жұмыс сапарымен еліміздің батыс өңірін аралап жүрген Гүлшара Әбдіқалықова қай жаққа барса да, алдынан жалғызбасты аналар шығып жатқанын айтты. Үкімет басшысының орынбасары әйелдердің жағдайына алаңдайтынын да жасырған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Гүлшара Әбдіқалықова

Гүлшара Әбдіқалықова

Үкімет басшысының орынбасары бастаған бір топ министр бүгін Ақтөбеге келді.

"Жалғыз басты аналар... Қай жаққа барсам да, алдымнан жалғызбасты аналар шықты. Мынау не? Қоғамда еркектер қорқақ болып кеткен бе? Проблеманың бәрін әйелдердің басына үйіп қойған ба? Осы түсініксіз болып кетті", - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Айта кетйік, жұмысшы топ осыған дейін Атырау мен Ақтөбе облыстарында болған.

Негізгі мақсат - президент тапсырмасына сәйкес әлеуметтік жұмыстарды ел-жұртқа таныстыру, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың жағдайын көзімен көріп, көмек көрсету.

Ел билігінің тізгінін ұстап отырған шенеуніктермен кездесуге көпбалалы аналар көп келді. Көпшілігінің көтерген мәселесі – баспана. Тұрмысы төмен отбасылар қиын жағдайларын айтып, көмек көрсетуін сұрауда.

Сіздің реакцияңыз
5
1
3
4
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel