RU
Жомарт Ертаев Қазақстанға қайтарылатын болды
Жаңалықтар Қоғам

Жомарт Ертаев Қазақстанға қайтарылатын болды

Рассказать Вконтакте

Ресей федерациясының жоғарғы соты Жомарт Ертаевты Қазақстанға қайтару туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Оған сәйкес, RBK банкі төрағасының экс-кеңесшісі қазақстандық құқық қорғау органдарына тапсырылатын болды деп хабарлайды Sputnik Казахстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Atameken Business Channel

Фото: Atameken Business Channel

Ресейдің жоғарғы соты 2019 жылдың 11 қаңтарында мәскеулік соттың шығарған шешімі толығымен заңды әрі негізді түрде қабылданды деген мәмлеге келген.

Сол себепті, құзырлы орган қазақстандық кәсіпкерге қатысты шешімді өзгеріссіз қалдырып, апелляциялық шағымды қанағаттандырмай қойды.

Нәтижесінде, Жомарт Ертаевты Қазақстанға қайтару туралы сот актісі өз заңдық күшіне енді.

Отандық кәсіпкерді елге қайтару туралы шешімді Мәскеу қалалық соты 11 қаңтар күні қабылдаған болатын.

Ертаев аса ірі алаяқтық үшін айыпталып, халықаралық іздеу нәтижесінде Ресей астанасында тұтқындалған болатын. Ол 80 ммлн доллардан астам қаржыны жымқырды деп күдіктеліп отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel