RU
"Сұмдық жағдай": Назарбаева Жайықтағы балықтың жаппай қырылуы туралы айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Сұмдық жағдай": Назарбаева Жайықтағы балықтың жаппай қырылуы туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Сенат депутаты Дариға Назарбаева Жайықтағы балықтардың жаппай қырылуына қатысты пікір білдірді. Сенатор бұл оқиғаға аса қатты алаңдайтынын жеткізген. Ол орын алған мәселені сұмдық жағдайға теңеді деп жазады Sputnik Казахстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: eawfpress.ru

Фото: eawfpress.ru

Дариға Назарбаева Астанада ресейлік әоіптестерімен өткізген кездесіунен соң, Жайықтағы балықтың қырылу оқиғасына қатысты пікірін білдірді.

Оның сөзінше, бұл мәселе аса күрделі деп бағалануда. Депутат жақында ғана Қазақстан мен Ресей тараптары Жайықты құтқару мен өзен бассейнінің экожүйесін сақтап қалу жөніндегі меморандумға қол қойғанын еске салды. Алайда, сенатордың айтуынша енді бұл жағдайды ретке келтіру үшін көп жыл қажет болмақ.

"Жайық кеіп барады. Көріп тұрғаныңыздай, қаншама балық қырылып жатыр. Бұл сұмдық жағдай. Алдағы он жыл нақты әрекеттерге кірісуге емес, бұл мәселені шешу жолдарын қабылдауға кетеді ма деп қорқамын", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
5
2
1
6
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel