Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жезөкшеге барған ер адам әйеліне жұқпалы дерт жұқтырған

Опубликовано:

Астанада әйелдерінің көзіне шөп салатын ерлер, оларға жыныстық қатынас арқылы түрлі ауруларды жұқтыратын болған. Гинекологтардың сөзінше, өкініштісі қыз-келіншектер "қыдырымпаз" күйеулерінің әлгіндей әрекеттерін біле тұра, оған көз жұма қарайды екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: deti.mail.ru
Көрнекі фото: deti.mail.ru: Twitter

Мамандар әсіресе "түнгі көбелектерге" жиі баратын еркектер келіншектеріне жыныстық қатынас арқылы таралатын түрлі ауруларды жұқтыратынын жеткізді.

"Мұндай еркектерге шыдап жүрген әйелдерге таң қаламыз. Олар күйеулерінің "қыдырымпаз" екенін, жезөкшелерге жиі баратынын біле тұра, бәріне шыдап, түк болмағандай жүре береді. Біреудің өміріне араласуға құқымыз жоқ, десе де олар ең алдымен аналар ғой?
Дүниеге дені сау бала әкелуі керек. Өкініштісі мұндай жағдайлар қазір көп кездеседі. Өткен аптада ғана дәл осындай оқиға тіркелді. Қазір әйел адамға тиісті ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр.
Мұндай жағдайға душар болған әйелдердің отбасылық өмірі де шайқалады. Сондықтан үйдегі отағаларына қылтым-сылтым жүрісті қойдырту керек. Ал сондай жеңіл жүрісті қыздарға барғыш болып бара жатса, онда сақтанулары тиіс", - деп кесіп айтты маман.

Айта кетейік бұған дейін Астанада жеке клиникалардың бірінде өрімдей жас қыздың сифилис дертін жұқтырғаны белгілі болған еді.

Гинеколог мамандар тұрғындарға жыныстық қатынасқа түсерде сақтық шараларын ұмытпаған жөн деген кеңес айтып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783588-astanada-zezksege-bargan-er-adam-jeline-zkpaly-dert-zktyrgan/

pixel