RU
Қызбен таныса алмайтын ұлына жар іздеген ана көпшілікті күлкіге қарық қылды
Жаңалықтар Қоғам

Қызбен таныса алмайтын ұлына жар іздеген ана көпшілікті күлкіге қарық қылды

Рассказать Вконтакте

Желіде қызбен таныса алмайтын ұлына жар іздемек болған ананың видеосы тарады. Ұлының әрекетсіздігінен әбден шаршаған әйел адам келін түсірмесе, оны іздуге өзі шығатынын айтқан жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Instagram желісіне тарап үлгерген видеода анасы мен баласының сөйлесіп отырғаны көрініс тапты. Әйел адам ұлына тез арада жар тауып, отбасын құруды талап еткен.

Егер шарты алдағы жарты жылдықта орындалмаса, Тайлақтың анасы секілді келінді өзі іздейтінін айтқан.

"Үшінші маусымнан бастап, Тайлақтың анасы сияқты өзім іздеп шығамын. Қызбен таныса алмайтын ұлым бар еді. Сен маған келін бол шырағым, қалғанын өзім үйретемін деп айтамын" , - дейді ана.

Желі оқырмандары бейнежазба көңілдерін көтергенін жеткізіп, өзінің оң пікірлерімен бөлісуде.

"Анасы мен баласының әзілі сондай жарасымды" , "Анаңыз қатырды" , "Анаңыз аман болсын, сондай күшті" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
6
1
2
1
3
72
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel