Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жомарт Ертаев Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

Опубликовано:

Қазақстанның Бас прокуратура қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан Жомарт Ертаевты экстрадициялады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жомарт Ертаев. Фото: ТОО "Алма ТВ"
Жомарт Ертаев. Фото: ТОО "Алма ТВ": UGC

Өткен жылдың наурыз айында оған халықаралық іздеу жарияланған.

Ертаев 2011-2017 жылдар аралығында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өзге тұлғалармен алдын-ала келісу арқылы "BANK RBK" АҚ-дан 144 млрд теңге жымқырды деп күдіктелуде.

Ертаевпен бірге жымқырды деген күдікке ілінген тағы 54 адам бар. Олардың 41-і банк топ-менеджерлері мен қатардағы қызметкерлер. Бұған дейін елге Ибрагим Б., Мажинов И., Туғанбай Д., Едігенев Д., Мамырбеков А., Шарипов Т. және тағы басқалары экстрадицияланған.

Тергеу барысындағы шаралардың нәтижесінде 15 млрд теңге өтеліп және 48 млрд теңгенің мүлкіне тыйым салынған.

Қазіргі таңда арнайы прокуроралармен істі тергеу аяқталған. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр.

Ал Ертаев Астананың тергеу изоляторына тоғытылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1783610-zomart-ertaev-resejden-kazakstanga-ekstradicialandy/

pixel