RU
Келбетіне ел тамсанар жұп сегіз жасар қызын көрсетіп, көпшілікті таңдай қақтырды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Келбетіне ел тамсанар жұп сегіз жасар қызын көрсетіп, көпшілікті таңдай қақтырды

Рассказать Вконтакте

Арман қуып Америка құрама штаттарына аттанған ресейлік ару қалаған жұмысын ғана емес, өмірлік жарын да тапқан. Ксения Белоусованың таңдауы қара нәсілді сері жігітке түскен. Бүгінде олар бақытты отбасылық өмір кешіп, сегіз жасар қызын тәрбиелеп отыр деп жазады ofigenno.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тюмень қаласында туып-өскен ару 15 жасында модельдікке бет бұрып, АҚШ-қа кетіп қалады.

Сән саласына деген қызығушылығының арта түсуі оның анасының арқасы. Келіншек өз бойынан ұялатын қызын модельдік мектепке беріп, оның сенімділігін күшейте түспек болады.

Нәтижесінде, әйел адамның ойлағаны іске асып, қызы Ксения түрлі сұлулық байқауларынан жүлделі орындарды ала бастаған. Алайда, кейіннен байқауларға қатысуды қойып, бар уақытын оқуына арнайды.

АҚШ-та тұруды бала кезден арман еткен ол Work and Travel бағдарламасы бойынша білім алуға кетеді. Оқуы аяқталған соң, ол бірден құрама штаттарда қалуды жөн санаған.

Бұл мемлекетте ол өзінің модельдің кісібін шыңдай түскен. Бойжеткен Ресейден гөрі Америка оған сән саласына жол ашқанын жасырмады.

Оның сөзінше, екі елдегі модельдікке деген көзқарас мүлде ұқсамайды. АҚШ-та сән саласына асқан жауапкершілікпен қарайды дейді Ксения.

Бұл мемлекет ресейлік хас сұлу үшін табысты жұмыспен қоса, бақытты отбасылық өмірді сыйлаған. Ару қара нәсілді жігітті сүйіп қалып, оның заңды әйелі атанған. Бүгінде ерлі-зайыптылар сегіз жасар қыз тәрбиелеп отыр.

Айта кетерлігі, Ксения мен күйеуі де ерекше келбетті. Әдемілігіне жұрт тамсанар жұптан сүйкімді қыз дүниеге келген. Аралас нәсілді некеде туған бүлдіршін де ерекше сұлу болып өмір есігін ашқан.

Сіздің реакцияңыз
7
3
0
2
5
76
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel