Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марқұм ата-анасын есіне алған Марат Оралғазин көз жасына ерік берді (видео)

Опубликовано:

Марат Оралғазин марқұм ата-анасын еске алып, тікелей эфир кезінде көз жасына ерік берді. 22 жасында қос қанатынан айырылған әзілкеш өмірінде болған аса ауыр кезеңі жайлы сырын ашты деп жазады Гәкку арнасындағы "Если честно" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: Instagram

Бағдарламада КВН ойындары мен түрлі отандық бағдарламалар арқылы танымал болған, ел алдында үнемі көңілді жүретін жігіт бұрын-соңды айтпаған жан сырын ақтарды.

Анықталғандай, Марат Оралғазин 2006 жылы анасынан, араға екі жыл салып, әкесінен айырылған.

Тікелей эфир кезінде марқұм ата-анасын еске алған әзілкеш, көз жасын тыя алмады.

"2006 мен 2008 жылы ата-анамнан айырылдым. Ол кезде жасым бар-жоғы 22-де. Өте ауыр нәрсе. Енді, жазғаны сол. Қасымда достарым бар. "Өмір-өмір болмайды түңілуге, жазбаған сені мәңгі бақи сүрінуге, хақың бар қайта тұрып жүгіруге" , - деп Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарын айтқан Марат көз жасына ерік берді.
"Анам жол апатында қаза тапты. Одан кейін күйзеліс бар, ер адам деген қиын ғой. Жұбынсыз өмір сүру қиын. Соның негізінде менің ойымша, әкемде жаман ауру пайда болды. Сөйтіп екі жыл араға салып, ол кісі де кетті" , - дейді Марат Оралғазин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1783627-markm-ata-anasyn-esine-algan-marat-oralgazin-kz-zasyna-erik-berdi-video/

pixel