RU
Алматы тұрғыны көлік аламын деген 3 млн теңгесін лото-клубқа тігіп жіберген
Жаңалықтар Қоғам

Алматы тұрғыны көлік аламын деген 3 млн теңгесін лото-клубқа тігіп жіберген

Рассказать Вконтакте

Астанаға көлік алмақшы болып келген алматылық жігіт Нұрдүн Қожамбердиев қолындағы 3 миллион теңгесін лотоға тігіп жіберген. Амалы таусылған 33 жастағы азамат журналистерден көмек сұраған. Айтуынша, лото-клуб тым құрығанда міндетті деген 10 пайыз өтемақы төлесе дейді. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлайды.

Кадр Астана арнасы

Кадр Астана арнасы

Қожамбердиевтің айтуынша, бастапқыда ұтысқа 50 мың, кейіннен 100 мың теңге тіккен. Ақыры ұтыс шықпай, бар соманы бір-ақ тігеді.

"Қалай бүкіл ақшамды ұтылып қалғанымды білмеймін. Көлік аламын деген қаражат болатын. Олар маған тиісті 10 пайыз өтемақы қайтаруын талап еттім. Нәтиже жоқ. Тек әкімші келіп өз ережесін айтып, қайта кетіп қалады", - дейді алматылық жігіт.

Клуб әкімшілігі ұтылған соманың 10 пайызы қайтарылу керегін жоққа шығармайды. Бірақ, бұл ереже тек "казиноларда" қатысты екені айтты.

"Бүкіл ереже кіре берісте жазылып тұр. Ойынға құнықпауға шақыратын ескертулер де ілінген. Бізде өтемақы деген атымен жоқ. Ол бізден ұтылған ашасының 10 пайызын неге сұрап жатқанын мүлде түсінбеймін. Ойнаған өзі. Бұл оның өз таңдауы болды", - дейді Абдрахманова.

Ә. Өмірзақ

Сіздің реакцияңыз
2
2
2
7
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel