RU
ШҚО-да көлігімен судың астына кеткен балықшы ғажайыптың күшімен аман қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да көлігімен судың астына кеткен балықшы ғажайыптың күшімен аман қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының тұрғыны балық аулауға барып, көлігі мұздың астына түсіп кеткен. Ер адам көліктің артқы есігінен шығып, аман қалған деп хабарлайды Устинка LIVE-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ШҚО-да көлігімен судың астына кеткен балықшы ғажайыптың күшімен аман қалды

Көрнекі сурет: vg-news.ru

Балық әуесқойы Тұранғы көлінің үстінде келе жатқанда мұз опырылып, көлігі суға кеткен.

"Көліктің алдыңғы есігі бұғатталып қалған. 65 жастағы ер адам көліктің артқы есігінен шыққан. Балықшы ғажайыптың күшімен аман қалған, ал жол талғамайтын көлігі суға кетті. Зардап шегуші 101 қоңырау шалып, көмек сұраған", - деді ШҚО-ның төтенше жағдайла департаменті.

Құтқарушылар ер адамды көл маңындағы жолдан тапқан.

Оның киімдері су болғандықтан, ол тоңып қалған. Дегенмен медициналық көмектен бас тартқан.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel