RU
Жұмысынан босатылған Ислам Әбішевтің Бишімбаевпен қандай байланысы бар?
Жаңалықтар Қоғам

Жұмысынан босатылған Ислам Әбішевтің Бишімбаевпен қандай байланысы бар?

Рассказать Вконтакте

АШМ-де сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжал шықты. 62 жастағы су ресурстары комитетінің басшысы Ислам Әбішев 60 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Егер ірі пара болмағанда, Әбішев екі айдан кейін зейнеткерлікке шығар еді деп жазады "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

60 млн теңге пара: Ислам Әбішевтің сотталып кеткен Бішімбаевпен байланысы бары анықталды

Фото: yk-news.kz

Басылым мәліметінше, СҚО-ғы Қызылжар ауданында Соколов топтық суқұбыры және ауылдық жерлерде таратушы торап жүйесін қалпына келтіру жұмыстары үшін ұйымдастырылған байқаудан комитет басшысы 60 млн теңге пара алған.

Лот сомасы 6 млрд теңгені құраған. Осылайша оның үлесі бір пайызды құраған деп жазады басылым.

Ақша сомасы комитет басшысының тікелей өзіне емес, делдалдар арқылы біртіндеп біріліп отырған.

Алғашқы делдал "қазақ күресінің дүниежүзілік федерациясының" вице-президенті Серік Түкеев болған. Әбішев ол кезде федерация президенті қызметін атқарған.

Түкеевке бірінші 1,5 млн, одан кейін 8,5 млн теңге, жалпы сома 10 млн теңгені құраған.

Қалған 50 млн теңгені Түркістан облысында кәсіпкерлікпен айналысатын комитет басшысының ағасына берілген. Әбішев қалған соманы алған кезде, 14 науыз күні тұтқындалды.

Ислам Әбішевтің істі болған туыстары бар екен. Оның құдасы “Байтерек Development” АҚ-ның бұрынғы басшысы. Бақыт Жақсыбаев, Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша төрт жылға сотталған.

Еске сала кетейік, бүгін 62 жастағы Ислам Әбішев су ресурстары жөніндегі комитет басшысы лауазымынан босатылған болатын.

Сіздің реакцияңыз
4
2
1
1
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel