Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі ұл, бір қызым бар": Марат Оралғазин алғаш рет жанұясы туралы сөз қозғады

Опубликовано:

Жеке өмірін елден жасырып келген Марат Оралғазин жанұясы жайлы айтып берді. Анықталғандай, әзілкеш үш баланың әкесі болып шықты. Танымал шоумен не себепті ұзақ уақыт бойы отбасы туралы тіс жармай, құпия ұстап жүргенін айтты деп жазады Гәкку арнасындағы "Если честно" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Марат Оралғазин көпшілікке көрсетпей келген жанұясы туралы сыр ақтарды.

"Әйелімнің аты Зита. Үш балам бар: екі ұл, бір қыз. Тұңғышымның есімі Асхат. Қазір жеті жаста, мектепке барады" , - деп бастады әзілкеш.

Ол бастапқыда жанұясының суретін. желіге жүктеп, кейіннен отбасылық суреттерді не себепті салмай кеткенін түсіндірді.

"Жалпы менің ұстанымым экранда мен ғана, жеке өмірім жеке болып қалу керек. Алдында салып жүрдім. Өйткені, ол кезде инстаграм қатты дамымаған. Біздің халықтың кейде ауыр сөйлейтін кездері болады. Мен әйелім мен бала-шағамның суретін салмауымның себебі - оларды біреу сынап жатса мен шыдай алмаймын. Мен кәдімгідей бұлқанып, оның түбіне жетемін. Сол себепті, осындай араңдатушылыққа бармас үшін осылай деп шештім.
Бірақ кейде баламның суреттерін кейде салып қалам. Содан кейін ол ауырып қалады. Сондай бір ырымшылдық бар шығар менде. Көз тиеді дейді, мен сенемін ондай нәрселерге" , - деді Оралғазин.

Айта кетейік, бұған дейін Марат Оралғазиннің марқұм ата-анасын еске алып, тікелей эфир кезінде көз жасын тыя алмағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1783701-eki-l-bir-kyzym-bar-marat-oralgazin-algas-ret-zanasy-turaly-sz-kozgady/

pixel