RU
Құлағын мақталы таяқшамен тазалаған азаматтың миы іріңдеп кетті
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Құлағын мақталы таяқшамен тазалаған азаматтың миы іріңдеп кетті

Рассказать Вконтакте

31 жастағы азамат сол құлағы ауыратынын айтып, терапевтке барған. Ол 10 күн бойы өзін жайсыз сезініп, жүрегі айнып жүргенін алға тартыпты. Бұл туралы ca-news.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Көрнекі фото: ru.wikihow.com

Көрнекі фото: ru.wikihow.com

Ешқандай дәрі-дәрмек көмектеспеген соң азамат есінен танып, ауруханадан бір-ақ шыққан. Медициналық мекемеде жатқан ол есін жоғалтып, адамдардың есімін шатастыра бастапты.

Оған қоса, британиялық соңғы бес жылда сол құлағымен дұрыс естімей жүргенін айтқан көрінеді.

Науқасқа компьютерлік томография жасалған соң оның миында іріңнің қабынғанын, ал есту жолында белгісіз заттың бар екенін анықтаған.

Осылайша, миға ота жасаған ақ халаттылар құлақта ақ мақтаның қалып кеткенін көреді.

Құлақтың ауруына себепкер болған мақтаны алып тастаған соң науқас өзін жақсы сезіне бастаған. Дәрігерлердің сөзінше, оның жүйке жүйесінде ешқандай аурулар жоқ.

Сіздің реакцияңыз
0
5
2
1
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel