RU
Жаңа Зеландия мешітінде оқ жаудырған күдікті шабуыл алдында эфирге кірген
Жаңалықтар Әлемде

Жаңа Зеландия мешітінде оқ жаудырған күдікті шабуыл алдында эфирге кірген

Рассказать Вконтакте

Жаңазеландиялық полицейлер Крайстчерч қаласындағы екі мешітте орын алған терактке қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр. Басты күдікті Брентон Таррант әлі де бостандықта жүр. Шабуыл жасамас бұрын ол өзінің тікелей эфиріне кірген оқырмандарын PewDiePie атты танымал швед блогеріне жазылуға шақырған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Скриншот, SegmentNext. Коллаж: NUR.KZ

Фото: Скриншот, SegmentNext. Коллаж: NUR.KZ

Брентон Таррант мешіттегі адамдарға шабуылдамас бұрын әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфир жүргізген. Оның барысында азамат өз оқырмандарын нәсілшілдік үшін айыпталған танымал швед блогеріне қолдау көрестуге шақырыпты.

"Естеріңде болсын, жігіттер PewDiePie-ге тіркеліңдер" , - деген ол өз эфирін көріп отырған желі қолданушыларына.

Жаңа Зеландияда орын алған қайғылы жағдаймен аты байланысқан блогер атқыштың бұл мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

"Жаңа ғана Жаңа Зеландиядағы жантүршігерлік жағдай туралы естідім. Менің есімімді әлгі адаммен байланыстырып жатқаны өкінішті", — деп жазды ол өзінің твиттердегі парақшасына.

Айта кетейік, Жаңа Зеландияда мешітке шабуыл жасалып, нәтижесінде 40 адам қаза тапты. Кейін желіде шабуыл сәтінің видеосы тарады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
10
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel