RU
Үй алу үшін қайтыс болған азаматқа тұрмысқа шыққан әйел масқара болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Үй алу үшін қайтыс болған азаматқа тұрмысқа шыққан әйел масқара болды

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Уфа қаласында әйел адам өзін бейтаныс қайтыс болған адамның жұбайы деп жариялаған. Ол мұндай қадамға марқұмның пәтерін иемдену мақсатымен барған деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ресейде пәтерге қол жеткізбек болған әйел адам бейтаныс қайтыс болған адамға тұрмысқа шыққан

Көрнекі сурет: vl-shipovnik.ru

Оқиға 2017 жылы болған. Келіншек марқұмның Уфа орталығындағы пәтері бос тұрғанын естіп, жалған неке туралы құжат жасатып, мұрагер ретінде сотқа жүгінген.

Істі қараған сот шын мұрагер марқұмның әпкесі болғанын анықтапты.

АХАЖ-ға сұратылым жіберіліп, қайтыс болған азамат пен әйел адамның арасында неке тіркелмегені белгілі болған.

Осылайша әйел адамға ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген айып тағылды. Неке туралы куәлікті берген қызметкерлерге қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
5
1
3
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel