RU
Ұйқыдағы күйеуінің бетіне майонез жаққан Ақбота-Нұр көптің ашуына тиді (видео)

Ұйқыдағы күйеуінің бетіне майонез жаққан Ақбота-Нұр көптің ашуына тиді (видео)

Рассказать Вконтакте

Атышулы әнші, актриса Ақбота-Нұр ұйықтап жатқан Даурен Айдарқұловтың бетіне майонез жағып, күйеуін мазақ етті. Өнер иесінің бұл әрекеті көпшіліктің ашуын келтірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Ақбота-Нұр Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Кадрдан әншінің ұйықтап жатқан күйеуінің мазасын алып, бетіне "майонез" жаққанын, содан кейін осы әрекетіне рахаттанып күлгенін байқауға болады.

Ақбота-Нұр мұндай қадамға не себепті барғанын түсіндіріп өтті.

"Даурен негізі түнде жұмыс жасап, сосын кешке дейін осылай ұйықтайды. Ал мен болсам керісінше, үйде болып балаларға қарап "зомби" боламын. 

Мен Дауреннің раxаттанып ұйықтап жатқанын көре алмай, үйде қаттырақ дауыстап сөйлеп, теледидардың дауысын бақыртып қоямын!

Бірақ Дауреннің сабырлылығы ма, әлде ұйқысының қаттылығы ма білмедім, реакция жоқ!

Бүгін менің шыдамым шегіне жетті, содан оған осылай жасаймын деп шештім", - деді ол.

Мұны көрген желі оқырмандары түнімен жұмыс істеген отағасына аяушылық танытты.

Олар шаршап келген адамға олай жасауға болмайтынын түсіндіріп, Айдарқұловтың сабырлылығына қайран қалды.

"Ұят емес пе?", "Екі баланың анасы деп кім айтады", "Асты қорлауға болмайды", "Не деген масқара" деп пікірлерін білдірді әншінің тыңдармандары. 

Сіздің реакцияңыз
32
5
5
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel