RU
1,3 млн доллар: Дубайда әлемдегі ең қымбат иіссу таныстырылды
Жаңалықтар Калейдоскоп

1,3 млн доллар: Дубайда әлемдегі ең қымбат иіссу таныстырылды

Рассказать Вконтакте

Dubai Mall сауда орталығында әлемдегі ең қымбат иіссу таныстырылды. Оның құны 1,3 млн долларды құрайды деп жазады ca-news.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: сa-news.org

Фото: сa-news.org

Араб тілінен аударғанда "Ең үздікке лайықты" деген мағына беретін Shumukh иіссуын Nabeel белгісі жасап шығарған.

Оның мурандық шишадан жасалған ыдысының көлемі үш литрді, ұзындығы 1,97 метрді құрайды. Оған қоса, әтірді 3 571 гаухар тас, 2,5 келі алтын мен күміс және басқа да тастар әсемдеп тұр.

"Shumukh иіссуін зергерлік және парфюмерлік өнерді біріктірген шедевр деуге болады. Ол Араб Әмірлігінің тарихын негізгі дизайн элементтері арқылы көрсетеді", - деп жазылған брендтің сайтында.

Ерлер мен әйелдерге де қолданыла беретін иіссуды жасау үш жыл уақытты алған. Оның авторы- Nabeel Perfumes компаниясының бас парфюмері Асгар Адам Али және Швейцария, Италия және Францияның әйгілі зергерлері.

Әлемдегі ең қымбат иіссуді жұрт наурыздың 14-нен 30-на дейін көре алады.

Сіздің реакцияңыз
1
5
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel