Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының кәсіпкерлері көпбалалы үш отбасыға үй алып берді (фото)

Опубликовано:

Алматы облысы Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері көпбалалы және жалғыз басты үш бірдей отбасыға үй алып берді деп жазады өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі: Facebook

Кербұлақ ауданында жеке кәсіпкерлердің бастамасымен қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өткен бұл шара барысында Сарыөзек ауылында орналасқан "Алацем" зауытының бас директоры Станислав Щербаков, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға үйдің кілтін табыстады.

Күтпеген жерден олжаға кенелген жалғыз басты ана Жұмағыз Медетова қатты қуанғанын жеткізді.

"2013 жылы күйеуіммен ажырасқанмын. Үш баламен пәтерденпәтерге көшіп жүргеніме бес жылдан асты. Балаларым оқиды, тапқан табысым солардың киімі мен тамағынан артылмайды. Енді міне үлкен әрі таза өзіміздің шаңырағымыз бар", - деді ол.
Фото: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі: Facebook

Қоғалы ауылының азаматы, мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Қайрат Бекиев болса сол ауылдағы алты баланың анасы Айгүл Ешпаеваға үй сыйлады.

Талдыбұлақ ауылының азаматы Кален Тұрсынбаев алты баламен үйсіз жүрген Надежда Лемешкоға осы ауылдан жайлы баспана алып берді.
Фото: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі: Facebook

Сонымен қатар, Қаспан ауылының кәсіпкерлері Сламбай Тоқабаев пен Виталий Тарасенко 11 баланың анасы Гүлназ Шакенова мен әлеуметтік жағдайы төмен 3 балалы отбасыны қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті.

"Мейірімділік - адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. Ана-өмірдегі ең үлкен құрметке лайық адам. Көп баланы дүниеге әкеліп, ұлтымыздың көбеюіне үлкен үлес қосып жүрген аналарға қуаныш сыйлау - біз үшін үлкен бақыт" - деді жеке кәсіпкер Қайрат Ботайұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783727-almaty-oblysyny-ksipkerleri-kpbalaly-s-otbasyga-j-alyp-berdi-foto/

pixel