RU
Миллиондар, ішіктер, гауһартастар: Астанада СҚО экс-әкімі ұлының үйін тонап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Миллиондар, ішіктер, гауһартастар: Астанада СҚО экс-әкімі ұлының үйін тонап кетті

Рассказать Вконтакте

Астанада ірі мөлшердегі тонау болды. Сарайшық көшесінде орналасқан жекежайдан ұрылар 112 миллион теңгенің мүлігін жымқырған. Үй СҚО-ның бұрынғы әкімі Самат Ескендіровтың ұлының үйі екені анықталды деп жазады Zakon.kz сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Миллиондар, ішіктер, гауһартастар: Астанада СҚО экс-әкімі ұлының үйін тонап кетті

Коллаж: NUR.KZ

Үй тонағандар екі адам болған. Үйге терезеден кірген. Жекежайда оларды қызықтыратындай көп дүние табылған. Жалпы алғанда ұрылар 76 құнды зат түрін қолды еткен.

Оның ішінде 20 млн теңге, ер және әйелдердің қаракүзен ішіктері, олардың құны $3 000 және $2 500, екі Apple Macbook, 1,5 млн теңгелік алтын жалатылған Zepter стақандары, және есім жазылған травматикалық тапанша.

Ұрылар алтын бұйымдарының топтамасын да алып кеткен. Мысалы, бір топтаманың құны төрт мың доллар.

Сондай-ақ гауһартаспен безендірілген Rolex ерлер сағаты ұрланған. Оның бағасы 50 мың доллар шамасында. Гауһартаспен безендірілген Chopard әйелдер сағаты 12 мың доллар тұрады.

Ескендіровтың ұлы БАӘ-де оқуда болғандықтан сотқа қатыспады.

Жәбірленуші екінші ұрыны бас бостандығынан айырмау туралы өтінішхат жазған. Дегенмен айыпталушы бес жылға бас бостандығынан айырылды. Екіншісі ұры 2018 сотталған болатын.

Алайда Астана қалалық сотының баспасөз қызметі NUR.KZ 13 наурыз күні Астана сотының апелляциялық алқасы бес жылға бас бостандығынан айыру үкімін шарттық тұжырымға ауыстырғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
4
3
4
1
1
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel