RU
Жаңа Зеландиядағы қырғын: Қаза тапқан адамдар саны 49-ға жетті
Жаңалықтар Әлемде

Жаңа Зеландиядағы қырғын: Қаза тапқан адамдар саны 49-ға жетті

Рассказать Вконтакте

Жаңа Зеландиядағы екі мешітте болған шабуылдан қаза тапқандардың саны артуда. Қазіргі уақытта көз жұмған адамдар 49-ға жетті жеп жазады Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: CNN

Фото: CNN

Бұл ақпаратты жергілікті құқық қорғау органдары таратты.

Полиция қызметкерлерінің сөзінше, 41 адам оқиға орнында көз жұмған.

Ал 8-і ауруханада қайтыс болыпты.

Еске сала кетсек, бүгін Жаңа Зеландияда қаруланған бірнеше адам мешіттерге шабуыл жасаған.

Артынша желіде шабуылдың видеосы тарап кетті. Қазір төрт күдікті ұсталған, ал біреуі қашып кеткен.

Оқиға орнында жарылғыш заттар да табылған.

Осыған дейін полицияда 27 адамның көз жұмғаны, кейінірек қайтыс болғандардың саны 40-қа жеткені хабарланды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
12
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel