Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде екі аптадан бері іздеуде жүрген аяғы ауыр әйел базардан табылды

Опубликовано:

Ақтөбе екі аптадан бері хабарсыз кеткен аяғы ауыр келіншекті полиция қызметкерлері туыстарымен қауыштырды. 32 жастағы үш баланың анасы орталық базар маңында жүрген деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде екі аптадан бері іздеуде жүрген аяғы ауыр әйел табылды
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook
«Жоғалған Дирана Зарипова табылды. Оны іздеу жұмыстары кезінде полиция қызметкерлері бағыт-бағдар хабарламасын беріп, тума-туыс, таныстарын аралап шықты. Келіншек бүгін Орталық базардан табылды, дені сау. Қазіргі кезде хабарсыз кету себебі анықталып жатыр», - дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Осыған дейін аяғы ауыр келіншекті туыстары екі аптадан бері таба алмай жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Динара Зариповаға іздеу салған сіңілісі де әпкесінің табылғанын қуана хабарлады.

«Табылды, қуанып жатырмыз. Көмектескен полиция қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Кішкене ренжіп кетіп қалған. Қазір жолдасы қасында, бәрі жақсы», - дейді сіңілігі Гүлмира Зарипова.

Жүктіліктің бесінші айлығында жүрген келіншек туысының үйінен 5 наурыз күні кешкілік шығып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783759-aktbede-eki-aptadan-beri-izdeude-zrgen-aagy-auyr-jel-bazardan-tabyldy/

pixel