Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа Зеландияда мешітке оқ жаудырған күдікті 11 жасар қыз үшін кек қайтарған

Опубликовано:

Алдын ала мәлімет бойынша Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы мешіттердегі шабуылдың себебі белгілі болды деп хабарлайды Mash Телеграмм-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

11 жастағы қыз үшін кек қайтарған: Жаңа Зеландиядағы лаңкестің әрекеттерінің себебі белгілі болды
Фото: telegram.org/breakingmash: Twitter

Mash ақпаратынша, шабуылдаушылардың арасында 28 жастағы австралия тұрғыны Брентон Таррант болған. Мешітте оқ жаудырған қаруда еуропа өркениетінің қалыптасуының нігізгі сәттері жазылған.Соның ішінде 1770 жылғы орыс-түрік соғысы кезіндегі Кагулдегі шайқас.

Шабуыл жасамас бұрын австралиялық азамат 74 парақшада үндеухат жазып, өзінің ісін лаңкестік әрекет деп атап, неонацизм Інжілінен дәйексөздер келтірген.

Сондай-ақ Брентон мешітке шабуылдауға итермелеген оқиға ретінде, лаңкестердің 2017 жылғы шабуылын келтірген.

"Ол 11 жастағы құрбан — Эбба Аккерлюндты ерекше атап өткен. Сол үшін кек қайтаратынын айтқан", - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, Жаңа Зеланияда екі мешітке шабуыл жасалып, 50-ге тарта адам қаза болды.

Полицейлер күдіктілерді тұтқындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1783763-zaa-zelandiada-mesitke-ok-zaudyrgan-kdikti-11-zasar-kyz-sin-kek-kajtargan/

pixel