RU
Жаңа Зеландиядағы қазақстандық мешіттегі шабуылдан кейінгі ахуал жайлы баяндады
Жаңалықтар Қоғам

Жаңа Зеландиядағы қазақстандық мешіттегі шабуылдан кейінгі ахуал жайлы баяндады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық Николай Михальчук Жаңа Зеландияда тұрып жатқанына бір жылдан асқан. Ол лаңкестік әрекеттен кейін елдегі жағдай туралы Tengrinews.kz баяндап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаңа Зеландиядағы қазақстандық мешіттегі шабуылдан кейінгі ахуал жайлы баяндады

Фото: youtube.com

Жаңа Зеландиялықтардың еңсесі түсіп кеткенін жеткізді. Оның сөзінше, болған жағдай бұл елге мүлде жат нәрсе.

«Бәріміз таңғалып отырмыз. Бұл сұмдық, мұндай Жаңа Зеландияда болып көрмеген, мүлде тән емес. Үлкен трагедия. Бұл ел барлық дінге түсіністікпен қарайды», - деді Николай.

Ол бүгін адамдардың барлығы үйлеріне асығып жатқанын жеткізді. Өзі де бірінші кезекте үйіне жетіп, жақындарының амандығына көз жеткізген.

«Бұл қала үшін үлкен қайғы. Жақында ғана мұнда жер сілкінісі болған, ал аралдың оңтүстігінде қызылша эпидиямиясы жүріп жатыр. Тек жағымсыз жаңалықтар. Адамдардың еңсесі түсіп кетті», - деп түсіндірді Николай.

Еске сала кетсек, бүгін Жаңа Зеландияда қаруланған бірнеше адам мешіттерге шабуыл жасаған.

Артынша желіде шабуылдың видеосы тарап кетті. Қазір төрт күдікті ұсталған, ал біреуі қашып кеткен.

Оқиға орнында жарылғыш заттар да табылған.

Осыған дейін полицияда 27 адамның көз жұмғаны, кейінірек қайтыс болғандардың саны 40-қа жеткені хабарланды.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
7
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel