RU
Қазақстандық ару Илон Маск және оның анасымен өткен кездесу туралы айтты (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық ару Илон Маск және оның анасымен өткен кездесу туралы айтты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық Зәуре Розман жаңа Tesla Model Y электромобилінің тұсаукесеріне барған. Илон Маскпен және оның анасымен кездескен бойжеткен өз әсерімен әлеуметтік желіде бөлісіпті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бойжеткен фото және видео-есебін өз Instagram-парақшасында жүргізген. Зәуре тұсаукесерде 200 адам болғанын, олардың ішінде қазақстандықтар аз емес екенін айтыпты.

Видеолардың бірінде біздің отандастарымыз бар дауыспен "Қазақстан" деп айғайлаған. Ал оған бірден назар аударған Илон Масктың жүзіне күлкі үйіріліпті.

"Иә, бізді Қазақстан қатты қолдайды", -деп күлген ол елімізде Supercharger қуатты бекеттерін құруға уәде берді.

Сонымен қатар, Зәуре Stories-де Tesla Motors құрастырушысы Илон Масктың анасы Мэй Маскпен түскен суретін жариялаған екен.

"Дәл осы кісі компанияның инвесторы болған, ол балаларына үлкен сенім артқан",- деп жазған ару.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel