Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жазасын өтеу тәртібін бұзғаны үшін пара бермек болған азамат тұтқындалды

Опубликовано:

Шымкентте полиция қызметкері өзіне ұсынылған заңсыз ақша, парадан бас тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан
Фото: Sputnik Қазақстан: Getty Images

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша оқиға 13 наурыз күні орын алды. Қаратау аудандық полиция басқармасының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Азамат Әлімбековке жергілікті тұрғын 75 мың теңге сыйақы бермекші болған.

Пара беруші Шымкент қаласының тұрғыны жазасын өтеу тәртібін бұзғаны үшін материалды сотқа жібермей, оң шешім қабылдау туралы өтініш айтып, қызметіне теңге тарту етпек болған. Бірақ тәртіп сақшысы сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, заңсыз сыйақы алудан бас тартқан.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: Original

Пара беру фактісі бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Қылмыстық кодекстің 367 бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.

"Қылмыстық кодекстің 367-бабының 1 бөлігіне сәйкес, «мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлғаның жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру жайтына қатысты​ –​ пара берушінің мүлкі тәркіленіп немесе бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген"-деп мәлімдейді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.​ 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783813-symkentte-zazasyn-teu-trtibin-bzgany-sin-para-bermek-bolgan-azamat-ttkyndaldy/

pixel