RU

Петропавлдың орталығында ер адамның денесі табылды

Петропавлда қаланың қақ ортасынан ер адамның өлі денесі табылды. Тәртіп сақшылары оның неден қайтыс болғанын анықтап жатыр деп хабарлайды «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ria.ru
Фото: ria.ru: UGC

Азаматтың денесі Чайковский көшесіндегі 13а үйінің маңынан табылған. Басылымның хабарлауынша, ол жоғарғы қабаттан құлап кеткен болуы мүмкін.

Облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Сағат таңғы жеті шамасында 102 қызметіне белгісіз ер адамның денесі табылғаны жөнінде ақпарат келіп түсті" , - деді полиция өкілдері.

Анықталғандай, оқиғаға қатысты "Адам денсаулығына қасақана зардап келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1783820-petropavldy-ortalygynda-er-adamny-denesi-tabyldy.html