RU
Қостанайда полиция басқармасының ғимаратына оқ атқан азамат сотталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанайда полиция басқармасының ғимаратына оқ атқан азамат сотталды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қостанайда полиция басқармасының ғимаратына оқ жаудырған азамат сотталды. Қалалық арнайы мамандандырылған сот ауыл тұрғынын он жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay

Фото: pixabay

Cот мәліметінше, жүргізуші куәлігінен айырылған жергілікті тұрғынның аудандық полиция басқармасы ғимаратының алдына келіп, екі мәрте оқ атқаны дәлелденді.

Ол ғимарат терезелеріне оқ жаудырған.

Сот оны кінәлі деп тауып, оған он жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Оған қоса, азамат зардап шеккендер қорына шамамен 150 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Сонымен қатар, оның Жигули автокөлігі мемлекет еншісіне берілді.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel