Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

Опубликовано:

Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Үкімет басшысы Асқар Мамин Түркістан қаласына жасаған сапары барысында шаһарда бой көтеріп жатқан бірқатар нысандар құрылысымен танысты. Алдымен әкімшілік іскерлік орталығының, кейінірек 7000 орындық стадион және оқушылар сарайының құрылысы барысында болған Премьер-министр жергілікті билік пен құрылысты жүргізушілерге басты назарды нысан сапасына салу керектігін кесіп айтты. Сондай-ақ, Үкімет басшысы "Түркістан жаңа қала" тұрғын алабының басында да болды. Мұнда 88 тұрғын үй бой көтермек.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бұдан өзге Асқар Мамин Медиаорталықтың, Конгресс Холдың, Қ.А.Яссауи музейі мен Визит орталығының, әмбебап кітапхананың құрылысымен танысты.

Айта кетерлігі, Үкімет басшысының Түркістанға жасаған сапары кезінде Шымкент, Алматы қалалары мен Жамбыл және өзге де өңірлердің басшылары да келді. Олар жаңадан құрылған облыс орталығы Түркістан қаласына тарту етілетін жаңа нысандардың құрылысымен таныстырды. Мәселен, Шымкент қаласы Түркістан қаласына ғылыми-әмбебап кітапхана салып бермек. Шымкент әкімі Ғабидолла Әдірахымов нысан жоспар бойынша келер жылы пайдалануға берілуі тиіс болса, жұмысты барынша тездетіп кітапхананы биыл жыл соңына дейін іске қосуды мақсат тұтып отырғанын айтты.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Үкімет басшысының Түркістанға жасаған сапары қаланы дамытуға бағытталған кеңейтілген жиынға жалғаспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1783834-askar-mamin-trkistan-oblysyna-zmys-saparymen-keldi/

pixel