RU
Ертаевтың экстрадициялануы: БАҚ Астана әуежайында түсірілген суреттерді көрсетті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ертаевтың экстрадициялануы: БАҚ Астана әуежайында түсірілген суреттерді көрсетті

Рассказать Вконтакте

15 наурыз күні 140 млрд теңге жымқырды деп күдіктелген Жомарт Ертаевтың Астанаға жеткізілгені белгілі болды. КТК телеарнасы оның отанына келген сәтін суретке түсіріп алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ КТК

Фото: Видеодан кадр/ КТК

Кадрларда Ертаевтың бас прокуратураның екі қызметкерімен бірге келе жатқанын көруге болады. Қолына кісен салынған экс-шенеунік Қазақстанға Мәскеу-Алматы рейсімен келген.

Айта кетейік, оны елге әкелуге қазақстандық тарап бір жылдан аса уақыт жұмсады. Ресей Жоғарғы сот экстрадициялау туралы шешімді 14 наурыз күні қабылдады.

"Тергеу барысында қабылданған шаралармен 15 млрд теңге өтелді және 48 млрд теңге мүлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу аяқталды. Қатысушылар материалдармен танысуда. Ертаев Астана қаласының изоляторына қамалды", - деп хабарлады БП ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

Ертаев ісіне қатысы бар 54 адамның көбісі шет мемлекеттерде жасырынбақ болғанмен, жоспарлары жүзеге аспады.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel