Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық тоғыз жасар әнші ресейлік жұлдыздарды таңғалдырды

Опубликовано:

Ресейлік "Голос. Дети 6" жобасына қатысқан алматылық тоғыз жасар Жан Маким қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленіп, Валерий Меладзенің тобына енді деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Жан аты аңызға айналған Стиви Уандердің "Sir Duke" шығармасын орындаған. Оның өнер көрсеткен сәті жобаның You-Tube арнасындағы ресми парақшасында жарияланды.

Эфир барысында төрешілер өз таңданыстарын жасыра алмады. Әнші Пелагея "мен бұл әннің бір де бір нотасына түсе алмас едім" дегенді айтса, Светлана Лобода әндегі күрделі үйлесімділікті атап өтті.

Ал Валерий Меладзе алғашқы секундтарда-ақ түймешекті басып, әншіге бұрылды. Кейін орнынан тұрып қошеметін білдірді.  

"Бұл қошеметтерді тоқтатуға тура келді, өйткені әлі ұзаққа жалғаса берер еді. Рахмет! Бұл керемет болды", - деді Меладзе Жан Маким өнерін аяқтағаннан кейін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1783842-kazakstandyk-togyz-zasar-nsi-resejlik-zldyzdardy-tagaldyrdy/

pixel