RU
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам мерт болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам мерт болды

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам мерт болды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: Хабар 24

Көрнекі фото: Хабар 24

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 наурыз күні сағат 09.50 шамасында Самара-Шымкент автожолында Бәйтерек ауданы Погодаев ауылы тұсында болған.

"Фольксваген" автокөлігінің 1962 жылғы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан қырғызстандық азаматтың басқаруындағы "Вольво" жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан «Фольксвагеннің» 57 жастағы жүргізушісі мен 58 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолауш Оралдағы ауруханаға жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel