RU
Серік Сапиев допинг дауына іліккен Полторанин туралы ойын айтты
Жаңалықтар Спорт

Серік Сапиев допинг дауына іліккен Полторанин туралы ойын айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстан спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қазақстандық Алексей Полторанин қатысқан допингтік жанжалға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: yka.kz

Фото: yka.kz

Қазіргі уақытта Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) пен Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) қазақстандық спортшының тағдырын шешу сатысында деуге болады.

Ал Алексей Полторанин дәл қазір Мәскеу қаласында.

"Ол бүкіл мансабында таза спортшы болды. Қазір ол Мәскеуде, үйде. Шешім шыққаннан кейін біз уәкілетті орган ретінде не істеу керегін ойланатын боламыз", - деді Сәпиев.
Ал қазақстандық Алексей Полтораниннің алдағы мансабы туралы сұрағына Серік Сәпиев "отыз бір жыл – мансабын аяқтауға себеп емес", - деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық шаңғышы Австриядағы допингтік жанжалдың эпицентріне түскен болатын. Ол тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін айыпталып, қамауға алынды. Кейін спортшының қанынан ешқандай заңға қарсы дәрі-дәрмектер табылмағандығы анықталды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
3
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel