Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бангладештік спортшылар мешіттегі атыстың құрбаны бола жаздады

Опубликовано:

Бангладештік крикет құрамасы Жаңа Зеландиядағы мешітте болған атыстың құрбаны бола жаздады. Бұл туралы Eurosport сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: sportx.kz
Фото: sportx.kz: Instagram

Daily Mail басылымының хабарлауынша, крикеттен Бангладеш құрамасы атыс басталған сәтте мешітке саябақ жолымен бара жатқан. Абырой болғанда, спортшылар теракт басталған уақытта мешітке жетіп үлгермепті.

"Біздің жолымыз болды. Алла оларды құтқарып қалды. Мұндай жағдайдың қайталанбағанын тілейміз", - деді құраманың капитаны Мушфикьюр Рахим.

Айта кетейік, бангладештік крикетшілер сенбі күні Жаңа Зеландия құрамасымен бақылау ойынын өткізбек болған. Жақында жаңа зеландиялық Крикет федерациясының басшысы Дэвид Уайт екіжақты келісім бойынша ойынның болмайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1783877-bangladestik-sportsylar-mesittegi-atysty-krbany-bola-zazdady/

pixel