RU
Бұрынғы әлем чемпионы Головкиннің төрт жігітті қалай сұлатқанын айтып берді
Жаңалықтар Спорт

Бұрынғы әлем чемпионы Головкиннің төрт жігітті қалай сұлатқанын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Екінші орта салмақта WBC ұйымының бұрынғы чемпионы Давид Бенавидес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді ең сұмдық панчер деп атап, отандасымыздың қатарынан төрт жігітті қалай нокаутқа түсіргенін айтып берді жазады vesti.kz.

Фото: allfight.ru

Фото: allfight.ru

Давид Бенавидес тің өсзінше, ол көптеген боксшылармен спарринг өткізен ал олардың ішіндегі ең сұмдығы - Головкин екен.

"Мені талдырып тастады демеймін. Ол туралы емес. Ол рингті жақсы сезінеді, соққыларды да. Өте қатты ұрады. 
Әңгіме оның шеберлігінде. Соққысын қалай "бұратынында", соған бар күшін сала алатынында, соққыны нақты қалай жасау керекгін білуі - осының бәрі оның жұдырығын ауыр етеді. Ол қарсыластары тұра алмай қалатындай ұрады. 
Бірде онымен жаттығу лагерінде болып, төрт жігітті қатарынан нокаутқа түсіргенін көрдім. Ол бірін құлатады - өзгесі рингке кіреді. Оны құлатады, осылай кезегімен келе берді", - дейді Бенавидес Fight Hub Youtube арнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар боксшы Головкин қызуға көмектесіп, онымен бірінші болып спарринг өткізгенін де есіне алды.

"Одан көп нәрсе үйрендім. Қорғаныстағы кей мәселелерді. Осы тәжірибе мені қалыптастырды", - дейді Бенавидес.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel