RU
ШҚО-да жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім қыз аман-есен табылды (фото)

ШҚО-да жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім қыз аман-есен табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

ШҚО-да осыдан бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 15 жастағы Мөлдір Батырхан табылды деп хабарлайды Алтайньюс.

Фото: Алтайньюс

Фото: Алтайньюс

Қуанышты жаңалықты Мөлдірдің әпкесі Дана Батырхан жеткізген. Жасөспірімнің отбасы іздеу салып, хабар таратуда көмек көрсеткен барлық жандарға алғысын білдірген.

Әпкесінің айтуынша, Мөлдір құрбысының үйінде болған. Аяқ асты сим-картасы істен шығып, ұялы телефонының қуаты таусылып қалыпты. Жақындарының нөмерін жатқа білмегендіктен, бір күн бойы хабарласа алмаған көрінеді.

Жеткіншек келесі күні жұрттың жар салып, іздестіріп жатқанын естіген. Үйдегілер ұрсады деген үрей билеп, хабарсыз жата беруді жөн көрсе керек. Соңғы сәтте ғана амалын тауып, әпкесіне қоңырау шалған екен.

"Қазір үйде... Қал-жағдайы жақсы. Бәріміз қуаныштымыз", - дейді әпкесі Дана Батырхан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Глубокое ауданы Быструха ауылының 15 жастағы тұрғыны Мөлдір Батырханның үйден шығып, кетіп, қайта оралмағаны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз
7
2
0
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel