RU
Қазақстандық спортшы әлем чемпионатынан кейін ең үздік зілтемірші атанды
Жаңалықтар Спорт

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатынан кейін ең үздік зілтемірші атанды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық ауыр атлет Сайхан Тайсуев 2019 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ең үздік зілтеміршісі атанды. Бұл туралы халықарлық федерацияның ресми сайтында хабарланды деп жазады (IWF) KAZ.NUR.KZ.

Сайхан Тайсуев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтынды еншілеп, әлем рекордын жаңартқан еді.

67 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін зілтемірші серпе көтеруден әлем рекордын орнатқан.

Бұл нәтижеге ол қос сайыстың нәтижесінде жеткен.

Сайхан Тайсуев жұлқа көтеруде 127 келіні, серпе көтеруде 161 келіні еңсеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша 288 келіні бағындырған болатын.

Бұл қазақстандық спортшыға 2019 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ең үздік зілтеміршісі атануға мүмкіндік берген.

Бұндай атаққа қыздар арасында Өзбекстанның намысын қорғайтын Кумушхон Файзуллаеваға бұйырған. Ол 64 келіге дейін салмақта сынға түскен.

Айта кетейік, биылғы жылғы ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрмасы бес алтынды қанжығалады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel