RU
Қостанай облысында банк қызметкері тұрғындарды алдап, атынан несие алған
Жаңалықтар Қоғам

Қостанай облысында банк қызметкері тұрғындарды алдап, атынан несие алған

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысы полиция департаменті қызметкерлері азаматтарды алдап, несие алған алаяқты қолға түсірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда тұрғындардың атынан несие алған банк қызметкері ұсталып қалды

Қостанайда тұрғындардың атынан несие алған банк қызметкері ұсталып қалды

Оқиға Лисаков қаласында болған.

Полицейлердің хабарлауынша, 25 жастағы банк қызметкері клиенттердің құжаттарының көшірмесін жасаған. Содан соң осы құжаттар арқылы шағын несие алып отырған. Ал ақшаны жеке мақсаттарына жұмсаған.

Қазіргі уақытта полицияға банк қызметкеріне алданған 4 жәбірленуші арыз жазған.

Күдікті Лисаков тұрғындарына жалпы сомасы 500 мың теңге залал келтірген. Қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel