Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орыс қызына ғашық болып, көп әйелділіктен бас тартқан таиландтық ханзада жайлы не білеміз?

Опубликовано:

Тарихта өзге елдің сұлуларына ғашық болып, бақытын өзге ұлттан тапқан ақсүйек ұрпақтары баршылық. Солардың бірі орыс қызын құлай сүйіп, онымен шаңырақ көтерген Сиам (қазіргі Таиланд) королінің ұлы Чакрабон ханазада. Осы орайда bigpicture.ru ертеректегі қос ғашықтың махаббат хикаясын назарыңызға ұсынады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

17 жастағы жетім қыз Екатерина Десницкая Чакрабон ханзадамен 1905 жылы ақсүйектердің салтанатты кешінде танысады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

1897 жылы король Сиам Еуропа елдеріне саяхаттап жүріп, Ресейге де ат басын бұрады. Николай II беделді қонағын Санкт-Петербургта құшақ жая қарсы алып, кездесу барысында Ресейге ұлдарының бірін оқуға жіберуге ұсыныс жасайды.

Ханазда Чакрабон бұл ұсынысты тиімді пайдаланып, көп кешікпей ол Ресейдегі ақсүйектер отбасының бозбалалары оқитын императорлық арнайы әскери оқу орнына қабылданады. Осылайша Чакрабон Ресей еліне келеді.

Паж корпусындағы оқып жүрген кезең. Чакрабон ханзада досы және тәрбилеушісімен. Фото: bigpicture.ru
Паж корпусындағы оқып жүрген кезең. Чакрабон ханзада досы және тәрбилеушісімен. Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Осы оқу орнын тәмәмдағаннан кейін ханзада Бас штаб академиясында оқуын жалғастырып, оны орыс әскерінің полковнигі деген атақпен бітіріп шығады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Ал Екатерина болса, жетім өскен бойжеткен. Оның ата-анасы сәби күнінде қайтыс болған. Олар ағасы екеуі Киевтен Петербургке келген. Бұл уақытта орыс-жапон соғысы жүріп жатқан еді. Катя училищені бітіре салып, майданаға мейірбике ретінде баруды жөн санаған. Оның шешімін тіпті тағдыр жолында Чакрабон ханзадамен кездесуі де өзгерте алмаған.

Сөйтіп ол ақырында Таяу Шығысқа майданға аттанып кетеді. Ал ханзада болса, оған күн сайын хат жазып, оралуын өтінетін болған.

Катерина Десницкая Петербургке орлағанда оны майданда алған марапаттарынан бөлек үлкен сый күтіп тұрды. Чакрабон оған үйленуге ұсыныс жасап, ғашықтардың неке қию рәсімі Константинопольде өтеді. Сол уақытта ол жерде әртүрлі конфессия өкілдеріне некеге тұруға рұқсат етілетін еді.

Чакрабонның отбасы: Рама V пен Саовабха ұлдарымен. Фото: bigpicture.ru
Чакрабонның отбасы: Рама V пен Саовабха ұлдарымен. Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Сөйтіп, Сиам корольдігіне ханзада әйелі Екатеринамен бірге оралады. Алайда Чакрабонның ата-анасы бұл некені құптамады. Олар ұлын тексіз шетелдік қызға үйленіп, королдік қан мен бағзы салтты бұзды деп санаған. Себебі Сиам династиясында тек үлкен корольдік отбасының өкілдермін ғана некеге отыруға рұқсат етілген.

Осыдан кейін Чакрабон тақ мұрагерлері тізімінен алынып, тіпті қамқорлықтан да айырылады.

Бәрінен қағылған Чакрабон әскери училищенің басшысы ретінде жұмысқа тұрып, отбасын өзі асырай бастайды. Қиындықтарға қарамастан жас жұбайлар өте бақытты өмір сүріп, махаббат пен татулықта күн кешкен. Тіпті Екатерина үшін Чакрабон көп әйелділіктен бас тартқан корольдік династиядағы алғашқы адам болды.

Чакрабонның Бангкоктағы сарайы. Фото: bigpicture.ru
Чакрабонның Бангкоктағы сарайы. Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Уақыт өте келе Чакрабонның беделді отбасы ұлының таңдауына көніп, орыс келінді қабыл алған. Бұған олардың отбасында 1908 жылы ұл баланың дүниеге келуімен және Екатеринаның сабырлығы, бойынсұнуы, байсалды мінезі себеп болған.

Чакрабон ханзада тайлық армияның бастығы кейін елдегі әскери-әуе күштерінің негізін қалаушы болады. Ал Екатерина есімін ханшайым атына сай На Питсанулок деп өзгертіп, Бангкоктағы ең қалаулы қонаққа айналады. Ол тай тілін меңгеріп, ағылшын, француз және неміс тілдерінде еркін сөйлеген.

Чакрабон ханзада мен На Питсанулок ханшайым (Екатерина Десницкая) ұлдарымен. Фото: bigpicture.ru
Чакрабон ханзада мен На Питсанулок ханшайым (Екатерина Десницкая) ұлдарымен. Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Алайда орыс қызы мен Сиам ханздасының бақыты көпке созылмады. 1920 жылы Чакрабон ханзада қайтыс болады. Ал оған дейін бір жыл бұрын жұбайлар ажырасып кеткен. Оған себеп Чакрабонның көзге шөп салуы екен. Екатерина Десницкая Таиландта ұлын қалдырып, елден кетуге мәжбүр болған. Себебі оған баласын бермеген.

Екатерина ұлымен. Фото: bigpicture.ru
Екатерина ұлымен. Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Әйел адам туған жері Ресейге де орала алмаған. Себебі ол жақта азаматтық соғыс жүріп жатқан еді. Катя Францияға орнығып, өмірінің соңына дейін яғни 1960 жылға дейін сол елде өмір сүрген.

Бүгінде орыс ханшайымы мен Сиам ханзадасының ұрпақтары әлі күнге дейін Таиландта тұрады.

Екатерина Десницкая және Чакрабон ханзада. Фото: bigpicture.ru
Екатерина Десницкая және Чакрабон ханзада. Фото: bigpicture.ru: Depositphotos

Айта кетейік, екі ғашықтың өміріне арқау көптеген әдеби туындылар арқау болған. Мысалы: К. Паустовскийдің "Далеких годах", Г. Востоковтың "Нефритовый слоненок", В. Шкловскийдің "Подписи к картинкам", олардың немересі тайлық ханшайым Нарисса Чакрабонның "Катя мен Сиам ханзадасы" атты шығармалары.

2011 жылы "Катя мен Сиам ханзадасы" атты кітаптың желісімен Екатеринбургтағы балет және опера театрында балет қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1783924-orys-kyzyna-gasyk-bolyp-kp-jeldilikten-bas-tartkan-tailandtyk-hanzada-zajly-ne-bilemiz/

pixel