RU
"Әулие Патрик күні": Астаналық жастар шетелдің тағы бір мерекесін жаппай тойлап жатыр
Жаңалықтар Қоғам

"Әулие Патрик күні": Астаналық жастар шетелдің тағы бір мерекесін жаппай тойлап жатыр

Рассказать Вконтакте

Астаналық жастар АҚШ, Ирландия және Канада елдерінде кеңінен атап өтілетін "Әулие Патрик" күнін жаппай тойлауды сәнге айналдырған. Наурыздың 17-сі күніне дөп түсетін мереке, әсіресе, қаланың кафе-клубтарында аса танымал екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Euromag.ru

Көрнекі фото: Euromag.ru

Астаналық жастар ел естімеген тағы бір мерекені жаппай тойлауды сәнге айналдырған. "Әулие Патрик" күні деп аталатын мейрамды қаладағы студенттер әсіресе кафе-клубтарда атап өтуді жөн көреді екен.

"Былтыр дәл осындай уақытта қаладағы көпшілікке таныс клубқа топтағы қыздармен бірге барған едік. Алғашында шыны керек, бұл мереке туралы мүлде білмедік. Бірақ, сол күні клубтың іші ерекше жасыл түсте екенін байқаған едік. Сондай-ақ клуб қонақтарының қолына жасыл түсті үйеңкі жапырағының суретін таңбалап бергенде де таң қалдық.

Сөйтсек, кейін диджей мен сондағы әкімшіден 17 наурыз "Әулие Патрик" күні екенін естідік. Аты айтып тұрғандай, христиандардың мерекесі болғанымен, солай екен деп, дінімізді алмастырмаймыз.

Тек көңіл көтерудің бір себебі деп түсінген жөн болар. Бұл мерекенің ерекшелігі – көпшілік жасыл түсті киім киіп, қолдарына, беттеріне, тіпті іш пен аяқтарына жасыл түсті үйеңкі жапырағының суретін салып алады. Бар болғаны сол. Оғаш ештеңе жасап жатқан жоқпыз", - деп ақталды студент жастар.

Ал, арулардан "Аталған мерекенің мағынасын білесіздер ме?" деп сұрағанымызда, олардан "Жоқ" деген жауап алдық.

"Тек осылай жасыл түсті киім киетінін, әлгіндей көңіл көтеретінін білеміз. Бірақ қандай мереке, "Әулие Патриктің кім екенін білмейміз" деп жауап қатты жастар.

Айта кетейік, "Әулие Патрик" мерекесі Ирландияға алғаш рет христиан дінін әкелген Патрик епископтың құрметіне аталып өтіледі. Бұл күні еуропалықтар мен америкалықтар көшеге жасыл түсті киім киім, беттеріне үйеңкі жапырағының суретін салып, көшеге көңіл көтеруге шығатын көрінеді.

Сіздің реакцияңыз
39
3
1
2
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel