Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналықтар мереке күндері пойызға билет таппай, даурығуда

Опубликовано:

Астанада наурыз мерекесі қарсаңында республиканың көптеген аймақтарына тасымалдайтын пойыз билеттері таусылып қалды. Қала тұрғындарының айтуынша, Астанадан Шымкент, Алматы сияқты ірі қалаларға қатынайтын пойыз билеттері,тіпті, осыдан бір ай бұрын cатылып кеткен екен. Бұл туралы өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Фото: Arnapress.kz
Фото: Arnapress.kz: Twitter

Елордадан Шымкентке қатынайтын пойыздардың билеті, тіпті, бір ай бұрын таусылып қалыпты. Астаналық Жомарт есімді азаматтың айтуынша, қаладағы билет сататын жекеменшік агенттіктерде де теміржол билеттері бітіп кеткен екен.

"Наурызда бірнеше күн демалатындықтан, ақпан айының соңынан бастап билет іздеген едім. Алайда, сол кездің өзінде-ақ билеттер болмады. Тек тальго пойызына билет болды, бірақ ол біз үшін қымбат. Содан қаладағы жекеменшік билет сату нүктелеріне де бардық. Бірақ, билет жоқ. Электронды билетті қойып, вокзалдың өз басына барсаң да сол жағдай. Енді елге қайтіп барамыз? Ұшамыз ба? Бала-шағамызбен қалада қалатын болдық, амал жоқ", - дейді қала тұрғыны.

Жомарт пойыз билеттерін қойып, ұшақпен қатынауға болатынын айтады. Алайда, Астанадан Шымкентке қатынайтын ұшақтардың да билеті тым қымбат екен.

"Орташа есеппен бір билет 25-45 мыңның маңайын құрайды. Өте қымбат қой? Төрт балам бар, кішісін есептемегенде, қалғандарына билеттің жарты құны, жұбайым екеуміз толық бір билетті сатып алуымыз керек. Оған қалта көтермейді. Жалғыз Шымкент емес, елдің барлық қалаларына билет жоқ", - дейді қала тұрғыны.

Ал "Қазақстар темір жолы" АҚ жолдаған баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, республика бойынша мереке күндеріне "Астана-1-Павлодар", "Астана-1-Алматы-1", "Алматы-2-Арыс-1", "Қызылорда-Атырау" бағыттары бойынша біржолғы пойыздар іске қосылған екен.

Сондай-ақ, жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатында республикадағы негізгі бағыттар бойынша қосымша 220 вагон тіркелген көрінеді. Жалпы мереке күндері ел аумағында 18 мыңнан астам жолаушы тасымалданады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783928-astanalyktar-mereke-knderi-pojyzga-bilet-tappaj-dauryguda/

pixel