RU
Самал Еслямова "Азияның үздік актрисасы" атанды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Самал Еслямова "Азияның үздік актрисасы" атанды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық актриса Самал Еслямова Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында "Азияның үздік актрисасы" сыйлығына ие болған. Қуанышты жаңалықпен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің Facebook парақшасында бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Самал Еслямова

Самал Еслямова

"Достар жаңа ғана режиссер Сергей Дворцевойдан керемет хабар алдым. Самал Еслямова Сергей Владимировичтің "Айка" туындысындағы рөлі үшін Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) "Азияның үздік актрисасы" сыйлығын алған.
Достар, Asian Film Awards Academy-ды "азиялық оскар" деп атайды. Азия киноакадмиясы номинанттардың тізімін 11 қаңтарда көрсеткен. Міне - жеңіс. Бұл үлкен жетістік пен табыс! Шығармашылық команданы шын жүректен құттықтаймын! Өте қуаныштымын!" , - деп жазды министр.

Еске сала кетейік, отандасымыз бұған дейін Каан кинофестивалінде және Түркияда өткен кинофестивальде ең үздік актриса атағын жеңіп алған еді.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
2
19
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel