RU
Саксофонның даусын айнытпай салған жігіт желіде хитке айналды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Саксофонның даусын айнытпай салған жігіт желіде хитке айналды

Рассказать Вконтакте

Осыған дейін әлеуметтік желіде саксофонның даусын салып, жұрттың назарын аударған азаматтың видеосы тараған еді. Жақында көптің көңілінен шыққан Әділ Ахметжан отандық бағдарламалардың бірінде өнерін көрсетіп, желіде тағы да хитке айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Қызық times

Фото: Видеодан кадр/ Қызық times

"Қызық times" бағдарламасына қонаққа келген Әділ Ахметжан тек саксофонның даусын ғана емес, электрогитара мен балалайканың дыбысын айнытпай салды.

Одан бөлек, бағдарлама барысында сегіз қырлы, бір сырлы жігіт түрлі әндерді опералық дауыспен орындап шықты.

Желіде тарап кеткен видеоны көрген жұрт өнерпаздың талантына таңдай қаққан.

"Жарайсың, талант", "Керемет", "Қалай істейді?", "Таза талант", "Браво", "Естімеген елде көп", "Музыкалық аспаптың керегі жоқ қой" деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз
2
2
1
0
0
22
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel