Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түске дейін ұйықтаған Айқын мен Жұлдызды жұрт сынап тастады (видео)

Опубликовано:

Қазақстан арнасындағы "Kim bilgir" бағдарламасында түске дейін ұйықтағанын айтқан Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали сынға ұшырады. Жұлдызды жұптың жобадағы видеосы желіде жылдам тарап кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Айқын мен Жұлдыз түске дейін ұйықтайтынын айтып елдің сынына қалды
Фото: видеодан үзінді: UGC

Бағдарлама барысында барысында жүргізушінің сұрақтарына жауап берген Айқын Төлепберген жұбайы екеуінің қаншаға дейін ұйықтағанын айтты.

"Түскі бірге дейін ұйықтадық бүгін", - деп күлді ол.

Instagram желісіне лезде тарап кеткен бейнежазба желі қолданушыларының ашуын шақырған екен.

"Сасып жата берсін, өздеріне жақсы болса", "Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық" деген. Бірге дейін ұйықтаса, маубас екен. Маубастардың ұйқысы ешқашан қанбайды", "Шаруасы жоқ, еріккендер ұйықтайды", Менің ең көп ұйықтаған уақытым таңғы 7-ге дейін шығар",- деп жазды желі қолданушылары.

Сонымен қатар, оқырмандар арасында Айқынның бірінші әйелі жайлы сөз қозғап, жұлдызды жұпты сынағандар да табылды.

"Неге бағдарламада бірінші әйеліңнен туған балаларыңды айтпадың?", ""Бәйбішенің рұқсатынсыз тоқал болуға болмайды" деген мақал жоқ па екен, Жұлдыз?", - деп пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1783976-tske-dejin-jyktagan-ajkyn-men-zldyzdy-zrt-synap-tastady-video/

pixel